Оқушылар арасында күн сайын сырқаттанушылық мониторингі жүргізіледі. Оқу жылының басынан бері КВИ-дің 825 жағдайы тіркелді. Кезекші сыныпта оқитын балалар арасында - 261. Қашықтықтан оқитын балаларда - 564.

«Соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан (32), Павлодар облысында (12), Батыс Қазақстан облысында (5), қалған 4 өңірде індетті жұқтырудың бір жағдайы тіркелді», - деді спикер Қарағанды, Ақмола облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын атап өтіп, оларда 3 жағдай және Қостанай облысында - 2 жағдай анықталды. Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бір-бір оқушыдан КВИ тіркелді.