Биыл жаңа оқу жылында мектепке баратын мұқтаж отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету ерекше болмақ. Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы пандемияға байланысты оқушыларға планшет, компюьтерлерді сыйға тартады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Жыл сайын болатын акцияға биыл да еліміздің кәсіпкерлері мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі атсалысқан.

«Біз барлық қазақстандықтарды, компания басшыларын акцияға қатысуды сұрайыз. Министрлік мониторинг жүргізу барысында техника аса қажетті деген балалар тізімі анықталды. Оларға ата-анасынан ерте айрылған, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көп балалы отбасынан шыққан балалар кіреді. Ол үшін арнайы QOLDAU.EDU.KZ сайты ашылды. Сайтта компьютерлерді алуға өтінім беруге болады»,-деді Е.Иманғалиев

Сонымен қатар, министрлік өкілінің тізімін АӘК алуға құқылы отбасылардан шыққан балалар және мүгедек ата-аналары бар балалар толықтырды.