Қателерді, проблемаларды, үйкелістерді болдырмау мақсатында министрлік мамандары домендік аттарды тіркеушілермен және Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметімен (CERT) бірлесіп, анықталған бұзушылықтарға қолмен талдау жүргізеді. .KZ және .ҚАЗ домендік атаулары бар интернет-ресурстарды тоқтата тұру қолмен талдау жүргізілгеннен кейін кезең кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады.

«Яғни, бәрін жабу және жазалау үшін жаһандық хайп жоқ және болмайды да. Домендік атаулардың иелері тоқтата тұру мерзімін 15-30 күнге ауыстыруды сұрап, Министрлікке жүгінеді. Іс жүзінде әрбір өтініш бойынша министрлік қолдау көрсетеді, кейінге қалдыруға келіседі. Біз кейбііне көп уақыт қажет екенін түсінеміз. Қазіргі кезде 3 мыңнан астам домендік атты Қазақстан Республикасының аумағына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың барлығының иелерінің өтініштері қанағаттандырылды», - деді спикер.

Сондай-ақ, ол домендік атаулардың иелері мен қарапайым азаматтар үшін жүргізіліп жатқан жұмыстың не беретіні дайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Біріншіден, WebTotem отандық жүйесі арқылы қазақстандық интернет-ресурстарды ақысыз негізде қорғау бойынша қызмет көрсетіледі. .KZ және .ҚАЗ домендік аты бар интернет-ресурстың кез келген иесі ақпараттық қауіпсіздік комитетіне тегін қызмет алу үшін өтінім жібере алады.

Ал барлық қазақстандық домендік атауларды ел аумағына көшіру процесі аяқталғаннан кейін министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, ел азаматтары үшін Қазнетке тарифтелмейтін қолжетімділік жасауды жоспарлап отыр. Былайша айтқанда, азаматтар шетелдік интернет-ресурстарға қолжетімділік үшін ғана төлейтін болады, ал Қазнеттің отандық барлық интернет-ресурстары тегін болады.