Ұлттық тауар өткізу жүйесі дамып келеді. Сауда министрлігі бастамашылық еткен және бастапқыда мегаполистерге есептелген ол енді 12 қаланы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және бірқатар аграрлық облыстарды қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Азамат Асқарұлы мәлімдеді.

Әңгіме көтерме-үлестіру орталықтары (КҮО) туралы болып отыр. Олар былай жіктеледі: КҮО-сауда, КҮО-үлестіру, ал ең бастысы, сақтау.

«Ауыл шаруашылығының қазіргі инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай келмейтінін бірнеше рет айтқан болатынбыз. Мысалы, түркістандық қырыққабат экспортымен орын алған жағдай, жергілікті жерде өнімді сақтау үшін көкөніс қоймалары мен механизмдердің жетіспейтінін көрсетті. Сондықтан шаруалар өнімді даладан төмендетілген бағамен сатуға мәжбүр. Бүкіл елді қамтитын көтерме-үлестіру жүйесі бұл тізбекті оңтайландыруға арналған және ең соңында КҮО шағын және ірі шаруалардың, саудагерлердің кездесу орнына айналады. Мұнда агроконсалтинг, өнімділікті арттыру, стандарттау, сертификаттау, сондай-ақ өнімді буып-түю сияқты қызметтер көрсетіледі», - деді спикер.