Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовқа Өскемен қаласының шеткі шағын аудандарының тұрғындарын алаңдатқан мәселені жеткізді. Оның айтуынша, Ақмир, Нұрлы көш, 20 және 23-ші, 25-ші аудандардың халқы қиналып отыр. Су, жол, жарықты айтпағанда автобус жүрмейді. Өңірде дерт дендеп тұр. Осы шеткі шағын аудандардағы автобус мәселесі қашан толық шешіледі.

«Бұл мәселе жақын арада шешіледі. Қазір 93 жаңа автобус алынады. Содан кейін жол салынады. Бұл жаңа шағын аудандар. 600 мың шаршы метрден астам аудандарға инфрақұрылым тарта бастадық. Осы екі кент те соның ішіне кірген. Жоба аз уақыттың ішінде аяқталады. Жол салынып, автобус жіберіледі», - деді өңір басшысы өз жауабында.