Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1314 адам тіркелген, оның ішінде 665 симптомдық, 649 – симптомсыз науқас. Сонымен қатар, 375 адам сауығып шықты, бұл науқастардың жалпы санының 30% жуықты құрайды. Өкінішке орай, 6 адам КВИ-ден көз жұмды. Бұл туралы Өңірлік коомуникациялар қызметінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Өкінішке орай, Қостанай облысында пандемия басталғалы бері 81 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырды. Айта кетейік, медициналық персонал санитарлық нормаларды сақтай отырып, жеке қорғаныш құралдарын киіп, жұмыс істейді. Медициналық жабдықтар, дезинфекциялаушы құралдар, қорғаныш костюмдері мен маскалар толық көлемде сатып алынды. Осындай қиын кезеңде жұмыс істеп жүрген барлық дәрігерлерге алғыс айтқым келеді!», - деді облыс әкімі.