Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.

Өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында жалпы сомасы 1,6 трлн. тг. астам 73 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің импортын 20% - ға (6,1 млрд. АҚШ доллары) арттырады.

Шенеуніктің айтуынша, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық өндіріс автомобильдері мен электр техникалық жабдықтарды Мемлекеттік сатып алу бойынша 2 жылға басымдық белгіленген. Бұдан басқа, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін 2809 отандық тауар өндірушілердің тізбесі бекітілді.

«Тізбе қолданыстағы CT-KZ сертификаттары мен Индустриялық сертификаттар негізінде қалыптастырылады, бұл ретте тізбе күнделікті негізде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өзектендіріледі»,- деп толықтырды вице-министр А.Ержанов.