Жақын жердегі қоймалардың аумағына әуеден барлау және мониторинг жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен квадракоптерлер пайдаланылды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінің баспасөз отырысында ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатвалдинов мәлімдеді.

Саперлер екі мың тоннадан астам оқ-дәрі фрагменттерін жинады. Жарылысқа қауіпті емес фрагменттерді жарылыс қауіпті заттардың болуына жол бермеу үшін ашық алаңда сұрыптайды. Жарылыс қаупі бар фрагменттерді жою бойынша негізгі жұмыстар Арыс қаласынан 50 шақырым жерде "Бастарма" полигонында жүргізіледі.

Спикердің айтуынша, жарылғыш заттарды ұрлау және азаматтық ортаға ену фактілерін болдырмау, сондай-ақ оқ-дәрі фрагменттерінен түрлі-түсті сынықтарды заңсыз сатуға жол бермеу мақсатында алдын алу рейдтері жүйелі түрде жүзеге асырылды.

"Жиналған оқ-дәрілердің фрагменттерін және оларды кәдеге жарату орындарын күзету ұйымдастырылды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және сақтау үшін ішкі істер органдарымен бірлесіп тәулік бойы көшелерді патрульдеу ұйымдастырылды", - деп толықтырды А.Сатвалдинов.

Қорғаныс министрлігінің офицерлері қатарынан құрылған жедел топ күшімен халықты оқ-дәрілердің фрагменттері анықталған кезде өзін-өзі ұстау ережелері туралы хабардар ету бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.