1. Қазақстанда коронавируспен күресу үшін медициналық кадрлар – мейірбикелер, дәрігерлер жеткілікті ме?

Мейірбикелер жеткілікті. Денсаулық сақтау саласында іс жүзінде орта буындағы 108 мыңнан астам орта буын маманы жұмыс істеп жүр. Аймақтарда қажет болған мамандардың орнына медициналық колледждердің және медициналық ЖОО-лардың түлектері тартылады. Елімізде жыл сайын жоғары, орта арнайы оқу орындарын 7-8 мың мейірбике бітіріп шығады. Биыл техникалық және кәсіптік білімі бар 7,8 мың және жоғары білім алған және магистратура бітірген 141 маман келді.

Дегенмен, дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Әсіресе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында кадрлар тапшы. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, 616 анестезиолог-реаниматолог, 158 инфекционист, 60 эпидемиолог, 166 кардиолог, 68 пульмонолог, 84 реабилитолог қажет.

Бұл мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі барлық тартылған медициналық кадрлар бойынша бірыңғай база әзірлеп жатыр, яғни 40 мың маман қажет еткен аймақтарда консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, тиісті жұмысқа жеке меншік сектордың 60% астамы тартылды. Қазіргі кезде олардың мамандарымен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында келісімшарттар жасалуда.

2. Пандемиямен күреске қанша қаржы бөлінді, оның ішінде үкімет резервінен? Бұл қаражат қалай үлестірілді?

Денсаулық сақтау министрлігіне Үкімет резервінен және республикалық бюджеттен 114 826,1 млн теңге бөлінді. Үкіметтен алынған 40 058,6 млн теңгені басты мәселелерді шешуге жұмсадық, соның ішінде медициналық қызметкерлерімізді қорғау да бар. Мысалы, 21 184 млн теңгеге коронавирус инфекциясымен күреске тартылған барлық мамандарғарға арналған жеке қорғаныш құралдарын сатып алдық. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 2 030,8 млн теңге бағытталды, зертханалық қондырғылар, коронавирусты анықтайтын тест-жүйелерін алуға 2 503,3 млн теңге, коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жиынтықтарын жасау сен шығару қызметін сатып алуға 100,0 млн теңге жұмсалды. ПТР әдісімен зертханалық зерттеу қызметтері – 13 799,4 млн теңге. Сондай-ақ 310,0 млн теңгеге жедел жәрдем көліктеріне орнатылатын отандық өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алынды, 131,1 млн теңге азаматтарды эвакуациялауға бағытталды.

2020 жылға арналған бюджеті нақтыланған республикалық бюджеттен 74 767,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 19 509,6 млн теңге инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларда медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызметтерге бағытталды, 40 457,9 млн теңге – карантиндік шараларды өткізуге тартылған жұмыскерлерді ынталандыруға, 14 800 млн теңге Нұрс-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жұқпалы аурулармен ауыратындарды орналастыру үшін тез салынған үш кешеннің құруға жұмсалды.

3. Індетке дейін елімізде қанша ӨЖЖ аппараты болды, қосымша нешеуі алынды? Қазіргі кезде сұраныс бар ма?

Қазақстан бойынша өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) арналған 3 294 стационарлық аппарат бар. Бүгінде оларды қажеттілігіне қарай аймақтар бойынша үлестіріп жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан қазіргі кезде аймақ әкімдіктерімен бірлесе отырып қолданыстағы паркті жаңарту бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Алдағы күндері медициналық ұйымдарға қосымша өкпені жасанды желдетуге арналған 1 658 стационарлық аппарат беріледі. Соның ішінде 680-і портативті, олар жедел жәрдем көліктерін жабдықтауға және жаңартуға арналған, ал 978 аппарат стационарлық, олар базалық кеңейтілген функцияларға ие. Сонымен қатар, COVID жұқтырғандар санының артуына және науқастар саны бойынша жағымсыз болжамдардың жасалуына байланысты биыл қосымша 4 мыңға жуық ӨЖЖ аппаратын алу мәселесі пысықталуда.

4. Қазақстанда қанша экспресс-тест жасалды, коронавирусқа қарсы антиденелер анықталған қанша жағдай тіркелді?

Зертханалық мәліметтердің негізінде жүргізілген алдын-ала бағалаудың қорытындысы бойынша, COVID-19 диагнозы расталған

адамдардың 100% дерлік коронавирусқа қарсы антиденелер анықталды. Бірақ антиденелер ауру басталғалы белгілі бір күндері бірдей қалыптаспайды, олардың титрлері әртүрлі, сондай-ақ, коронавирусқа тұрақты иммунитет қалыптасу мәселесі де бар. Оны егжей-тегжейлі зерттеу үшін көп уақыт қажет. Бұл мәселе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге жүзеге асырылатын 2019 жылғы коронавирус инфекцисын сероэпидемиологиялық зерттеудің бірлескен бағдарламаларына енгізілді. Зерттеу Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, антиденелерді зерттеу Бас санитарлық дәрігердің қаулысына, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына да енгізілді.

5. 11 мамырда Президент Тоқаев коронавирусты анықтау бойынша жасалатын тесттерді күніне 35 мыңға жеткізуді тапсырған болатын. Бұл тапсырманы қашан орындау жоспарланған?

Тамыз айының ортасына дейін. Осы мақсатта Үкіметтен бөлінген қаржы есебінен 15 стационарлық және 5 мобильдік ПТР-аппарат сатып алынуда. Қосымша ПТР зерттеу жүргізетін 8 көшпелі зертхана сатып алынады.

Жалпы, бүгінгі таңда елімізде 46 зертхана жұмыс істеп тұр, олардың арсеналында ПТР-анализаторлар бар. Ел бойынша наурыз айынан бері 1 662 291 ПТР тест жасалды. Оның ішінде 80 996 – оң нәтиже көрсетті, яғни 4,8%. Өткізу қуаттылығын ұлғайту үшін осы айдан бастап мобильді бригадалар мен жедел жәрдем қосымша тест жасайтын болады.

6. Жедел жәрдем шақыру кезінде ПТР-тестке талдау алу үшін ақы төлеу қажет пе?

ПТР-ға талдау алу-жедел жәрдемді шақыру кезінде тестілеу тегін, яғни тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Мұндай қызметті көрсетудің барлық негізделген жағдайларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға төлейтін болады. Бұл COVID-19 күдігі бар, сондай-ақ ЖРВИ немесе пневмония белгілері бар адамдарға эпидемиологиялық айғақтар бойынша тестілеу. Кейіннен мұндай пациенттерге зерттеу үшін зертханаларда, оның ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде зерттеулерді орындауға шарт жасалған жеке меншік зертханаларға жолдама беріледі.

Жеке зертханалар сондай-ақ қызмет көрсетуді қалайтын тұлғалар үшін ақылы негізде де жүзеге асыруды жалғастырады.

7. Сіз сапасыз медициналық қызмет көрсету бойынша халықтан түскен шағымдарды мониторингілейсіз бе? Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан адамдарға қайда жүгіну керек?

Мониторинг күнделікті негізде жүргізіледі. Апта сайын жүйелі шешімдерді қарауға және қабылдауға енгізілетін бірқатар мәселелер жасалады. «Осы жерде және қазір» қағидаты бойынша мәселелерді жедел шешу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (бұдан әрі-ӘМСҚ) 1406 бірыңғай байланыс орталығы құрылды, онда әрбір адам емдеу немесе медициналық көмекті ұйымдастыру жөнінде кеңес алу немесе шағым қалдыра алады. "1406" бірыңғай байланыс орталығы 24/7/365 тәртібінде жұмыс істейді.

Бұдан басқа, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Qoldau 24/7" мобильдік қосымшасын іске қосты, ол өте сұранысқа ие, себебі көптеген адамдарға электрондық үндеу қалдыру ыңғайлы.

8. Неге "Азитромицин" дәрілік препараты халыққа тегін берілмейді? Дәріханалар желісі арқылы ғана таралады?

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін, диспансерлік есепте тұрған науқастарға бекітілген тегін препараттармен тізбесі бар. Оған сәйкес, ересектерге ауруханадан тыс пневмонияның жеңіл және орташа ауырлығында "Амоксицилинмен" және "Азитромицинмен" тегін қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл препараттар қосымша "Цефуроксим", "Ибупрофен" және "Парацетамол" қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға берілуі тиіс.

Барлық дәрі-дәрмектерді "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы сатып алды және медициналық ұйымдардың қажеттілігіне сәйкес үнемі жеткізіледі. Бүгінгі күні дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің деректері бойынша барлық медициналық ұйымдардың дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар.

Бұдан басқа, клиникалық хаттамаға сәйкес, бізде Жапония мен Ресей елдерінде COVID-19 емдеуде кеңінен қолданылатын "Фавипиравир" препаратын стационар деңгейінде тағайындау мүмкіндігі пайда болды.

9. "Парацетамол", "Ингавирин" және градусниктердің сатып алу бағасы қандай, олар дәріханаларға қандай бағамен беріледі және дәріханаларға "Парацетамол", "Ингавирин", градусниктерге қандай максималды үстеме рұқсат етіледі?

Парацетамолды көтерме саудада сату үшін шекті баға шығару түріне, дозаға, өндірушіге және басқа да өлшемдерге байланысты, сондықтан баға 21 – ден 1210 теңгеге дейін өзгереді. "Ингавирин" бағасы 90 мг №7 – 4240 теңге, "Ингавирин" бағасы 60 мг №7 – 2270 теңге. Көтерме үстеме баға дәрілік заттың бағасына байланысты үстеме бағаның регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және 10% - дан 21% - ға дейін белгіленген. Бөлшек сауда бағалары ұқсас қалыптасады және 10% - дан 55% - ға дейін құрайды.

10. Аурудың симптомсыз түрінде антибиотиктерді тағайындау орынды ма?

Қазақстанның практикалық денсаулық сақтауында "COVID-19 Коронавирустық жұқпа" диагнозы мен емдеудің клиникалық хаттамасы қолданылады, онда COVID-19 негізгі терапиясы – бұл симптоматикалық терапия, ол симптомдарды жоюға бағытталған емдеуді қамтиды: қызба, жөтел, ентігу, уыттану. Қызбаны тоқтату үшін қызуды төмендететін препараттар – парацетамол, ибупрофен, сондай-ақ салқындатудың физикалық әдістері қолданылады.

Аурудың симптомсыз және жеңіл түрінде амбулаторлық деңгейде бактерияға қарсы және этиотропты терапия жүргізілмейді. COVID-19 кезінде вирустық пневмония бастапқы эмпирикалық бактерияға қарсы терапия үшін көрсеткіш болып табылмайды. Антибиотиктерді тағайындау қайталама бактериялық пневмонияны қосқанда ғана көрсетілген және "ересектердегі пневмония (ауруханадан тыс пневмония)" клиникалық хаттамасына және "балалардағы пневмония" клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.