Мереке күндері Нұр-Сұлтанның барлық емханалары таңғы сағат 8-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, дәрігерді шақыру сағат 18-ге дейін жүзеге асырылады. 80 фильтр кабинет бар. Терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, «жедел жәрдем» және стационарлар, әдеттегідей, тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова мәлімдеді.

«Ауруханаға жатқызу аумақтық қағидат бойынша жүргізіледі, мобильді бригадалар жұмыс істейді, олар қажет болған жағдайда, температурасы көтерілген пациенттерге барады, диспансерлік науқастарға дәрілік препараттар жеткізеді, КВИ жұқтырған пациенттерді бақылайды. Тұрғындар дене қызуы көтерілсе, тамақ ауырса, ентігу мен тұншығу орын алса, ең алдымен, емханаға хабарласуы керек немесе мобильді топ, не болмаса 103 шақыруы керек», - деп кеңес берді дәрігер.