ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ішкі темір жол рейстерін жаңғырту кезінде санитарлық-карантиндік нормаларды сақтау мәселелеріне арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз іс-шарасына спикерлер ретінде: Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер С.Байғабулов; көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Д.Әзімбаева қатысты.

С. Байғабыловтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап темір жол жолаушылар тасымалының жаңартылуымен Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шығарылды.:

  • теміржол вокзалдарының ғимаратына кіру медициналық маскалар мен жол жүру билеттері болған жағдайда, байланыссыз термометрия арқылы жүзеге асырылады;
  • тасымалдауды қайта бастамас бұрын ауа баптау жүйесіне толық тексеру және сүзгілерді ауыстыру жүргізіледі;
  • жолсеріктердің жолаушылар поездарының жүру жолында жолаушыларға сауалнама жүргізуі;
  • поездарда дезинфекциялық режимді күшейту;
  • жылжымалы құрамдарда және вокзал аумағында жұмыс істейтін персоналдың медициналық маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде киюі;
  • жолаушылардың вагондардан басқа вагондарға қозғалысын шектеу;
  • поездарда дезинфекциялаушы, дәрілік заттар мен антисептиктердің қажетті қорларының болуы;
  • вокзал аумағында шығарып салушы жолаушылардың қол жетімділігін жабу.