Неге жоғары лауазымды шенеуніктерді тестілеу үшін ресурстар табылады, ал қарапайым халыққа келгенде жоқ? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай сауал жолданды. Бұл ретте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ешкімге артықшылық берілмейді деп сендірді. Тест тапсыруға тек эпидемиологиялық көрсеткіштер болғанда ғана рұқсат етіледі. Ауру адамдар тест тапсыра алмаған әрбір жағдай тексеріледі. Бұған объективті себептер болуы керек.

«ПТР-тест тапсыру – жағымсыз процедура. Оны үнемі тапсырғысы келетіндер аз. Мемлекет басшысы, Елбасы немесе мемлекеттік қызметшілер немесе азаматтар болсын, қойылған нақты талаптар бар. Эпидкөрсеткіштер болмаса, тест тапсыру еш нәтиже бермейді. Ол ештеңе көрсетпейді. Өзіңіз де тынышталмайсыз. Ауруды жұқтыру қаупі сақталады. Мұны бүкіл әлем түсініп отыр», - деді министр.

Қазіргі уақытта 59 зертханада тәулігіне 32 мың тест алынады. Тамыз айының соңына дейін қуаттылықты арттыру жоспарланған.