Нұр-Сұлтан қаласында 14 жедел жәрдем көлігі бар. Солтүстік Қазақстан облысына 18 көлік шілде айында келіп түседі. Республикалық бюджет есебінен барлығы 807 бірлік техника сатып алынды. Олардың автопарктерін тарту үшін медициналық емес ұйымдармен келіссөздер жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтуынша, күн сайын ел бойынша бір ауысымға 1400 шығу бригадасы кіріседі. Олар тәулігіне 30 мыңнан астам рейс жасайды. Жүктеме 2 есе өсті. Оларға колледждердің 112 түлегі көмекке тартылды, ал әкімдіктерге Korona-taxi ұйымдастыру ұсынылды.