Шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, 1 қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсаны қашықтан оқытылатын болады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.

Шалғайдағы шағын жинақты ауылдық мектептер үшін штаттық оқыту форматы ұсынылады. Бұл оқушылардың жалпы санының 4%. Барлығы 127 мың баланы қамтитын 1934 мектеп анықталды. Бұл – «эпидемиологиялық фоны қолайлы» аудандар.

Оқу дағдылары жоқ бірінші сынып оқушыларына келетін болсақ, министр ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптарды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда санитарлық-қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етіледі, яғни балалар тек бір кабинетте ғана оқиды, үзілістер әртүрлі уақытта болады, кіреберісте дене қызуы өлшенетін болады, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режимін күшейтеміз. «Бір сынып - бір мұғалім» принципі қолданылады. Бір сыныпта,ы оқушылар саны 15 баладан аспайды.

«Алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылуына байланысты мектептерді кезең-кезеңмен аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға ауыстыру жүргізілетін болады», - деп нақтылады министр.