«Екінші кезеңде (аурудың бірінші аптасынан кейін) респираторлық симптомдар пайда болса, сатурацияның нормадан төмен төмендеуі немесе демікпе көтерілсе, дәрігерге бару немесе жедел жәрдем шақыру қажет», - деді «Астана медицина университеті» КеАҚ отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Наталья Латыпова.

Маманның айтуынша, бұл кезеңде көп жағдайда пациенттерге қан сұйылтуға арналған антикоагулянттар қосылады, екінші бактериялық инфекция белгілері, қызба жаңа толқын, бактериялық қабынудың зертханалық көрсеткіштері пайда болған жағдайда антибиотиктерді қосу арқылы қабынуға қарсы терапияны күшейтеді.

«Аурудың жеңіл ағымы кезінде пациенттердің бір бөлігі, әсіресе жастар респираторлық симптомдар кезеңін байқамауы мүмкін. Жеңіл жөтелу тыныс алу жолдарының зақымдануының жалғыз белгісі болуы мүмкін. Көптеген пациенттерде аурудың ағымы екі аптадан кем емес уақытқа созылады», - деді Н. Латыпова.

Қалпына келтіру кезеңінде бірнеше апта бойы әлсіздік, шаршау, жеңіл жөтелу, тыныс алудың кейбір шектеулері сақталуы мүмкін. Маманның айтуынша, бұл жалғыз симптомдар болса, алаңдаушылық туғызбайды. Осы кезеңде тыныс алу гимнастикасын белсенді қосу, таза ауада көбірек болу, серуендеу, бірте-бірте тұрмыстық белсенділікті қалпына келтіру ұсынылады.