Ғарыш мониторингі арқылы 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды.

2019 жылы ғарыш мониторингі аясында 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Министрліктің кестесіне сәйкес 2,7 мың рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, бірқатар өңірлерде кәдеге жарату көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Ақтөбе және Ақмола облыстарында кәдеге жарату үлесі 3% - ды құрайды.

"Заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді болдырмау мақсатында жаңа экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көлікте GPS - датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі қарастырылған", - деп атап өтті М. Мырзағалиев.