Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов елімізде өндірілетін медициналық бұйымдар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, медициналық қолғаптар қажеттілігі 83,7 млн-ды құрайды. Қазіргі уақытта екі отандық кәсіпорын тәулігіне 330 мың данасы өндіріледі. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін өндіріс көлемі тәулігіне 460 мың қолғап шығаруға дейін арттырылады. Сонымен қатар, екінші желіні іске қосу үшін ҚХР-дан жабдықтар жеткізкіледі.

Анықтама: «Dolce-Pharm» ЖШС (160 мың жұп/тәулік); «Казмедпром» ЖШС (170 мың жұп/тәулік).

Қорғаныш костюмдерінің өндірісіне тоқталған спикер, костюмдерге деген қажеттілік 1,3 млн дананы құрайтынын атап өтті. Сұраныс жұмыс істеп тұрған үш өндіріс көлемін ұлғайту және айына 800 мың данаға дейін костюм шығаратын үш жаңа өндірісті іске қосудың есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Анықтама:

«Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент қ.), айына 45 мың дана;

«Мерусар» ЖШС (Павлодар қ.) айына 34 мың дана;

«Дольче» ЖШС (Алматы облысы) айына 200 мың дана.

Жаңа жобалар:

«JULDYZ KENAN Co. (айына 104 мың дана);

«Эко-Фарм» ЖШС (айына 30 мың дана);

«Demeu Traiding» ЖШС (Алматы қ.) (айына 240 мың дана);

«Medin» ЖШС (Алматы қ.) (айына 500 мың дана).

Денсаулық сақтау министрлігі «Demeu Traiding» ЖШС, «Дольче» ЖШС, «Супер Фарм» ЖШС кәсіпорындарымен бірлесіп жеке қорғану құралдары үшін шикізатпен (тоқылмаған материал, мельтблаун, резеңке) қамтамасыз ету бойынша перспективалық инвестициялық жобаларды пысықтауда.