Президенттің Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлерді тексеруге үш жылдық мораторий енгізілді. Осыған орай 15 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері тексеруден алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Ведомство басшысы еске салып өткендей, өрт ережелерін бұзу туралы хабарлама немесе шағым түссе, кешенді тексеру өткізіледі. Нысанға өрт сөндірушілермен бірге прокуратура қызметкерлері де келеді. Сондықтан кәсіпкерлер Денсаулық сақтау нысандарының мамандары секілді өрт қауіпсіздігінің алдын алуды ерекше бақылауға алуы тиіс.

Өрт сөндірушілер стационарлық емдеу мекемелеріне, оның ішінде коронавирустық инфекциядан емдейтін ауруханаларға баса назар аударады. Бұл бірінші кезекте ауруханалардың шамадан тыс жүктелуіне, эвакуациялық жолдардың жабық болуына, темекі шегуге және т. б. жағдайларға байланысты.