Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың ақпараты бойынша, заңнамалық түзетулер елдегі құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға және қылмыстектілікті төмендетуге ықпал етті.

Бас прокуратура өкілінің мәліметінше, тіркелетін қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайып келеді. Үстіміздегі жылдың 8 айында тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға аз.

Анықтама үшін: ұрлық саны 52%-ға (98-ден 47,5 мыңға дейін), тонау 50%-ға (4576-дан 2288-ге дейін), бұзақылық 46%-ға (4524-тен 2454-ке дейін), жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар үштен бірге (1547-ден 1093-ке дейін) азайды.

«Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, әсіресе жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуге әсер етті. Бұрын зорлаушы зорлық-зомбылықтың құрбанымен татуласуға және сол арқылы нақты жазадан құтылып отырған. Бұл оған бостандықта қалуға мүмкіндік береді және зорлық-зомбылық тағы да қайталануы ықтимал. Қазір бұл мүмкіндік алынып тасталды. Сол сияқты, қылмыстың ауыр санатына жатқызылған бірнеше рет ұрлық пен алаяқтық жасау бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды», - деді Бас прокурордың орынбасары.