Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жағдайы нашарлағандықтан Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа ауыстырылды. Пандемия кезінде орталық республикалық экстракорпоралдық мембраналық оксигинацияның қарқынды терапия орталығы ретінде жұмыс істейді. Бұл әдіс өкпені жасанды желдету көмектеспеген кезде қолданылады. Сондай-ақ орталық жүрек-қан тамырлары ауруларынан тыныс алуы нашарлаған науқастарды қабылдайды. Қазақстанда мұндай 12 ЭКМО орталығы бар. Алматы да бар.

«Бірақ пациенттер көп болып, аппараттар жетпеген жағдайда кейбір ауыр науқастар басқа босаған ЭКМО орталықтарына жеткізіледі»,- деді вице-министр Ажар Гиният.