Негізсіз жүргізілген КТ-зерттеулер диагностикалық қызметке жүктемені арттырады және КТ-диагностикаға шұғыл мұқтаж адамдар үшін қолжетімділікті төмендетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде вице-министр Ажар Гиният мәлімдеді.

Анықтама: КТ-диагностика клиникалық симптоматикасы бар емделушілерге көрсетілген: ентігу, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысындағы ауырсыну, қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі, бұл аппараттардың көмегімен анықталады. Көрсетілімді дәрігер анықтайды.

«Елімізде барлығы 135 томограф жұмыс істейді. Компьютерлік томография кабинеттерінің өткізу қабілетін де ескеру қажет - әр пациенттен кейін санитарлық өңдеу жүргізу қажет, бұл кезек күту уақытын арттырады», - деді А.Гиният.

Вице - министрдің ақпараты бойынша, ағымдағы айдың ішінде КТ 2 аппараты өндіруші зауыттан жеткізілетін болады, 17 аппаратты қосымша сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Алматы қаласында жергілікті бюджеттен КТ аппараты сатып алынды, 4 облыста тағы 7 аппарат сатып алу рәсімі жүргізілуде.

Тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалау үшін хаттамаға цифрлық рентгенография аппараттары енгізілген. Бүгінгі күні елімізде 3 мыңнан астам рентген-аппарат қолданыста, олардың 1118 – бұл ауыл халқына диагностикалық қызмет көрсету үшін қолданылатын жылжымалы аппараттар.