Пандемия жағдайында еріктілердің рөлі едәуір өсті. Көптеген адамдар пандемияның қиын кезеңінде мұқтаж адамдарға көмектесіп, батылдық пен жанқиярлық танытты. Бірақ бір жылмен ғана шектелуге бомлайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі сараптамалық брифинг барысында «Altyn Qyran Foundation» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақындарына мейірімділік таныту, көмек көрсету қазақ халқының менталитетінде бар, бірақ, шет елдердегідей жүйелі сипатқа ие емес. Бізге қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дарытатын, осы салада кәсіби кадрлар даярлайтын және қызметті ашық жүргізуге көмек көрсететін өз институттарымызды құру қажет. Осының арқасында жақсы нәтижелерге қолжеткізуге және азаматтарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға болады.

«Giving USA 2018» есебіне сәйкес, америкалықтар қайырымдылыққа 400 миллиард доллардан астам қаражат бөлген, оның 71%-ы қарапайым америкалықтардың қайырымдылық көмегі, 16%-ы қоғамдық қорлар мен тек 5% ғана корпорациялардың жинағаны. Бұл АҚШ-та қайырымдылыққа бүкіл ел болып қатысатынын көрсетеді. Бұған жүйелі түрде қолжеткізілді, қайырымдылық тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды: мектептен бастап университетке дейін, одан ары есейгенде. Сондай-ақ Қазақстанда қайырымдылық мәселелері бойынша зерттеулерді, оқыту мен қоғамдық түсінікті ілгерілететін «Giving USA Foundation» сияқты өз институттарымызды құруымыз керек», - деді Салжанов.

Ол бұрынғы тимуршылар қозғалысын мысалға келтіріп, бала кезден таныс форматты жандандыруды ұсынды.