Биыл Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда алғашқы іске қосу кешендерінің құрылысы аяқталады. Желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ берілгеннен және 2021 жылы тариф бекітілгеннен кейін газ беру басталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Келесі жылы екінші іске қосу кешендерінің құрылысы басталуы тиіс. Көгілдір отын 3 872 жеке тұрғын үйге қосылады. Сонымен қатар, қаржылық қолдаудың көмегімен Жаңаарқа, Осакаров аудандарында, Саран және Шахтинск қалаларында газбен жабдықтау желілерін салу басталады.