Қарағанды облысы тұрғын үйлерді көп салуда. 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 105,5%-ды құрады, оның ішінде тұрғын үйді қолданысқа беру қарқыны 10,3%-ға немесе 391,6 мың шаршы метрге ұлғайды. Осы уақыт ішінде кезекте тұрғандар саны 6%-ға азайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Желтоқсанға қарай шамамен 600 мың шаршы метрді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 25%-ға артық. Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын 560 отбасы пайдаланды. Жыл соңына дейін барлық бағдарламалар мен демеушілік көмек есебінен 2 676 отбасы, оның ішінде 653 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті облыс басшысы.