Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов Мемлекеттік сатып алу процесінің жұртшылық үшін толық ашықтығы туралы мәлімдеді.

«Бұл міндетті біз 100% орындадық. Бүгінгі таңда жоспарлаудан бастап мемлекеттік сатып алуларды төлеуге дейінгі барлық рәсімдер толығымен цифрландырылған және барлығына қол жетімді. Бұл мемлекеттік сатып алу саласына бақылаушы органдар тарапынан ғана емес, жұртшылық тарапынан да бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді», - деп хабарлады Сәбит Ахметов.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің мамандары сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау жөніндегі міндеттерді дәйекті түрде шешетінін атап өткен жөн.