24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда Республикасында 198 086 науқастан COVID-19 анықталған және 48 388 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. КВИ+ диагнозымен 179 277 науқас және КВИ жұқтырған 37 998 пациент сауығып кетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады.

«Соңғы екі аптада КВИ сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеді. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы «жасыл аймақта» тұр. Бүгінде ешбір өңір «қызыл аймақта» қалған жоқ», - деді Е.Қиясов.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, сары аймақта 5 өңір бар - Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.