Бұл 1813 елді мекеннің тұрғындары. Қалғандары «ADSL, FTTx, 3G және 4G технологияларымен кең жолақты Интернетке кіру» мүмкіндігіне ие. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қатарынан екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда, оларды жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Біреуі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде «ТОБЖ технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интерпентпен қамту» жобасы.

«Жобаның мәні мынада, мемлекет мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер үшін кеңжолақты интернетке кіру қызметін сатып алады. Осылайша, осы елді мекендерде ТОБЖ желілерінің құрылысын ынталандырады. Жобаға сәйкес, 1257 ауылға жыл соңына дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі салынады, 230 ауылға тарту ғана қалды. Жоба 3718 мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарды қамтиды», - деді Ярошенко.

Екінші жоба халық саны 250-ден артық ауылдық елді мекендерді мобильді кеңжолақты интернетпен қамту жобасы.

Жыл басында операторлар мен біздің министрлік арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін жобаны аяқтауға және 250-ден астам адам тұратын барлық ауылдарды 3G немесе 4G қызметтерімен қамтамасыз етуге міндеттеме алды, яғни кеңжолақты интернет желісін тартуға. Бүгінгі таңда 46 ауыл мобильді кең жолақты интернетке қолжеткізді, қалған 882 ауыл жыл соңына дейін қосылады», - деп сендірді ведомство өкілі.

Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін халықты «сапалы интернетпен» қамту көрсеткіші 99,3%-ды құрайды. Алдағы екі жылда 250-ден аз адам тұратын 243 елді мекенде байланыс желілері салынады.