Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Еуразиялық экономикалық одақта болған кезеңдегі Қазақстан мен Ресейдің базалық көрсеткіштеріне тоқталды. 2016-2019 жж. Ресейдің өңдеуші өнеркәсібіндегі жалпы импортында Қазақстанның үлесінің көрсеткіші 60 пайызға дейін ұлғайды, ол 1,5 млрд. доллардан 2,5 млрд. долларға дейін жетті.

«Осы кезеңде Ресей Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі импорты құрылымында көлемді 65-тен 70 пайызға дейін арттыра алды. Құндық есептеуде өсім 65 пайызға тең болды, 6 млрд. доллардан 10 млрд. долларға дейін. Секторлық бөліністе 2016-2019 жж. салалар бойынша Ресейдегі экспорттың айтарлықтай өсімі байқалды. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдары – 4 есе, металлургия өнімдері - 65 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдары 2 есе және т.б.»,- деді вице министр.

Оның атап өтуінше, жалпы алғанда, екі ел интеграциялық бірлестікте болудың арқасында белсенді өзара сауда жүргізіп, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыра алады. Жоғарыда аталғандар ЕАЭО берген артықшылықтарының аз ғана бөлігі.