Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов автоматты «полицейлер» туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты жүйелерді енгізу жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайтуға ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта республика жолдарында барлығы 11 мыңға жуық осындай жүйе жұмыс істеп тұр. Техникалық бақылау құралдарының көмегімен республика бойынша жыл сайын 1,2 млн бұзушылық анықталады, бұл жол қозғалысы ережелерін бұзудың 40%-ын құрайды, бюджетке 7 млрд теңгеден астам қаржы өндіріліп алынады. Олар жол қозғалысын қадағалауда және оған қатысушылардың тәртібін арттыруда өз тиімділігін дәлелдеді», - деді тәртіп сақшысы.

Бірақ тәртіптің сақталуын машиналар ғана бақыламайды. Патрульдік полиция нарядтары көлік ағыны күшті және апаттылық деңгейі жоғары болатын неғұрлым күрделі учаскелерде жұмыс істейді.

Елді мекендерде 2 мыңнан астам маршрут әзірленді, ал қала сыртындағы автожолдарда патрульдеудің 211 бағыты әзірленді. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Борышкер» және т.б.