ОКҚ алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан адамдарды КВИ қарсы вакцинациялау басталғанын хабарлады. Созылмалы ауру, аллергиялық реакция және басқа да қарсы көрсеткіштер болса, вакцина салынбайды.

«Өндірушінің ресми ақпараты негізінде медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, осы жас санатын вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік дәрігердің тиісті қаулысы қабылданды»,-деді вице-министр.

Ресми деректерге сәйкес, вакцинаның қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр аллергиялық реакциялар, бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйе функциясының бұзылуы (қант диабеті), қан түзу жүйесінің, эпилепсия, инсульт, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, бастапқы және қайталанатын иммун тапшылығы, аутоиммунды, өкпе аурулары, демікпе және ӨСОА сондай-ақ, қатерлі қан аурулары «Спутник V» вакцинасына қарсы көрсеткіш болып саналады.