Цифрландыру арқылы экспортты арттыру. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осыған қолжеткізу жолдарымен бөлісті.

«Біз экспорттаушылармен телеграм-чат арқылы тікелей байланыс орнаттық, ол export.gov.kz деп аталады. Мамандар мен сарапшылар тәулік бойғы режимде кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдайды және қалыптасқан барлық мәселелерді барынша тез шешуге тырысады. Экспорттаушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде жүйелі мәселелердің және кәсіпкерлер трапынан өтініштер бар екендігі анықталды. Бұл экспортты сараптамалық қолдау, экспорттық құжаттаманы дайындау барысындағы консалтинг және жеңілдетілген қаржыландыру алу. Осы сауалнаманың негізінде біз сараптамалық блокты айтарлықтай күшейттік», - деді министр.

Жыл басынан бері 103 кәсіпорынға экспорттық қызметті қалай жүргізу керектігі туралы ұсыныстар берілді, 14 салалық экспресс дайджест әзірленді.

«Біз 10 мемлекеттік органмен және квазимемлекеттік бөлімшелерімен ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын шоғырлауды және export.gov.kz порталын Digital Export бірыңғай цифрлық терезесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін қазірдің өзінде Сбербанк және Альфа Банкпен бірлесіп 2 пилоттық жоба іске қосылды. Экспорттаушылар электрондық өтінім беріп, шығындарының өтемақысын ала алады», - деді Бақыт Сұлтанов.