Қазақстанда барлық деңгейде 2684 судьялық бірлік қарастырылған. Қазіргі кезде аудандық, облыстық деңгейде және Жоғары сотты қоса алғанда 2400 судья нақты жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов мәлім етті.

«Бос орындар – 14 пайыз. Судьялардың еңбекақысы олардың еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Қазіргі кезде аудандық деңгейдегі судьялар орта есеппен 400-500 мың теңге төңірегінде, облыстық деңгейдегі судьялар 600-700 мың теңге, Жоғарғы сот судьялары 800-900 мың теңге төңірегінде алады», деді А.Садуақасов журналистің жолдаған сұрағына берген жауабында.