COVID-19 таралуын тұрақтандыру үрдісі байқалады, аурудың орташа тәуліктік өсімі 0,5%-ды құрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова осындай оң нәтижемен бөлісті.

Оның мәліметінше, бүгінгі күні ПТР-тесттің нәтижесі оң болған 101 848 адам тіркелді, ал тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 476 құрады. ПТР-тест нәтижесі теріс -16 666 адам, тәулік ішінде 934 адам тіркелді. Науқастардың 77%-ы емделіп шықты.

«Қатаң шектеу шаралары енгізілгелі бірнеше көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді: инфекцияның таралу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеу үрдісі байқалады. Инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 2,2 есеге, 1,72 - ден 0,78-ге дейін төмендеді, төсек-орындарды пайдалану 64% - ға, оның ішінде реанимациялық бөлімдерде 64%-ға азайды», - деп атап өтті А.Есмағамбетова.

Айта кетейік, мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артты, бүгінде бұл көрсеткіш – 3640 құрайды. Ал онлайн консультациялар саны 4 есеге өсті.