Қазіргі кезде 25 оқу орны коммерциялық емес қоғамдық ұйым ретінде трансформацияланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ЖОО-лардың барлығында директорлар кеңестері құрылды.

«Олардың құрамына мемлекеттік мүлік, «Атамекен» палатасының, Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдері кірді. Жалпы, осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңадан құрылған қоғамдардың басқарма төрағалары ректорлар лауазымына іріктеу ашық жүргізіледі. Нақты қойылған талаптарға сай келетін адамдар конкурсқа қатыса алады», - деді Әділет Тойбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, биыл грант көлемін ұлғайту жоғары оқу орындарының лабораториялық базасын жақсартуға және оқытушылардың еңбекақысын 30-35 пайызға көтеруге мүмкіндік берді.

Жалпы, ЖОО профилизациясы аясында 5 университет жабылды, сондай-ақ министрлік 2 ЖОО-ны бас лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Жабылған білім ордаларының студенттерін басқа ЖОО ауыстыру мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылады.