«Сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеп, Қазақстан азаматтарымен демократияны тойлау, Қазақстанның болашағы туралы шешім қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Италия Парламентінің мүшесі ретінде осы жерде болып, Италия мен Қазақстан азаматтары арасындағы жақсы қарым-қатынасты көрсеткеніме қуаныштымын», - деді Италия Республикасы Парламенті депутаттары палатасының мүшесі, «Бес жұлдыз» қозғалысының мүшесі Руссо Джиовани Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу барысына арналған брифингте сөйлеген сөзінде.

Оның әріптесі, ИР Парламентінің Депутаттар палатасының мүшесі Андреа Дельмастро Делле Ведове өз кезегінде, әсіресе пандемия кезінде сайлауға дайындық пен оны өткізу деңгейіне таң қалғанын айтты.

«Италия халқы Қазақстан халқы сияқты ашық. Қазақстан, шын мәнінде, демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетіп отырғанын атап өткіміз келеді. Біз, Еуропалық Одақ азаматтары ретінде, осындай жоғары деңгейге таң қалдық», - деп қорытындылады Италия Парламентінің депутаты.