Қазақстанда карантин талаптарын бұзушылармен күреске күн сайын 14 мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі шығады. Оларға мыңдаған волонтер көмектеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді.

Оның айтуынша, арнайы топтар бірден үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатушыларды, карантин кезінде санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды бұзушыларды анықтайды, сондай-ақ дәрігерлерге коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды табуға көмектеседі.

«Біз 26 мыңнан астам тұлғаны анықтадық, қалғаны 10 мыңнан аз. Бұл мәселенің оң шешімін табамыз деп ойлаймын. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитіні сіздер мен бізге байланысты екенін айтқым келеді. Біз осы міндеттерді табысты атқара алған елдерге мониторинг жүргіздік. Бірінші кезекте, барлығы азаматтардың өзіндік тәртібіне байланысты. Әр азаматтың, жақындарымыздың денсаулығы, хал-ахуалы біздің қауіпсіздік шараларын сақтауымызға байланысты болады», - деп ескертті министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, полицейлер 199 жұқтыру ошағын және 366 карантиндік нысанды қоршауға алуға тартылды. Бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына сәйкес, төрт облыста – Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарында 2 санитарлық және 7 блокпост қойылды.

Айта кетейік, пандемиямен байланысты жалған ақпарат таратудың 95 фактісі анықталды. Бұл Қылмыстық кодекстің бабына жатады.