Неге КВИ қарсы ресейлік вакцинаны сатып алатын болдық? Қазақстандықтар ресейлік немесе вакцинаның басқа түрлерін таңдау мүмкіндігі бола ма?

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрағына министр Цой жауап берді.

«Біз үнемі нарықта қолжетімді вакциналарды іздейміз. Тіркеуден кейін бірінші болып ресейлік вакцина шықты, сондықтан онда зерттеу деңгейі өте жоғары. Мемлекет басшысының Қазақстанда осындай зауыт пен осындай өндірістік қуаттар салу мәселесін пысықтауды белгілегені - өте маңызды сәт. Вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін. Қазір бұл мәселе пысықталуда: алаң анықталып жатыр. Ол жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық зауыттардың жанынан ашылуы мүмкін», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ресейлік вакцина сынақтардың үшінші кезеңінде , алғашқы екі кезең сәтті өтті.

«Ресейлік әріптестер жақында зерттеу нәтижелері туралы хабардар етеміз дейді. Бірақ біз қазақстандық вакцинамызға да үлкен үміт артып отырмыз, биыл, жыл соңында желтоқсан айында клиникалық сынақтардың екінші кезеңі аяқталады. Сондай-ақ, біз АҚШ, ДДСҰ, қытайлық әріптестерімізбен шетелдік вакциналарды жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Олардың еліміздегі барлық қауіпсіздік хаттамаларынан өтуі аса маңызды. Барлық жеткізушілерді нарыққа шығуға және қауіпсіздік пен сапаны тексеру процедурасынан өтіп, вакцинаны тіркеуге шақырамыз. Әрине, біз вакциналардың барынша көп мөлшері қолжетімді болғанына мүдделіміз», - деді Цой. Министр вакцинаның жеткіліксіз болуы мүмкін екенін жасырмады. Өйткені, вакциналар шығаратын жеке зауыттардың қуаты шектеулі. Сондықтан қажет болса, екпелер түрлі көздерден сатып алынады.