Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірді және тәуекелдің тиімсіз индикаторларын өзектендірді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ведомствоның 2020 жылғы қызметін қорытындылау барысында мәлімдеді.

Жоғарыда аталған шаралардың арқасында импорт кезінде ТБЖ тиімділігі 73% құрады, 53,5 мың бұзушылық анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі – 51%.

«Инспекциялық-тексеру жабдығы (ИТЖ) бар өткізу пункттерінде кедендік операцияларды мониторингтеу үшін құрылған «ахуалдық орталық» табысты жұмыс істеуде. Рентген-түсірілімдерді талдау бойынша жасанды интеллект енгізу жоспарлануда. Кедендік құнды бақылауды барынша орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерінің логистикасына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру мақсатында «электрондық декларациялау орталығы» құрылды. Бұл жаңашылдықтардың тиімділігі 25 млрд. теңгеден асты», - деп атап өтті комитет басшысы.

Ең бастысы, кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту есебінен кедендік статистика бойынша ҚХР-дан алшақтық 2017 жылғы 60%-тен 2020 жылы 45%-ке дейін қысқартылды.