Қашықтан оқыған 1 оқушыда вирустық пневмония тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде екінші тоқсанның басталуына орай өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

«1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сынып оқушыларының арасында COVID-19 жұқтырудың 302 жағдайы тіркелді. Алматыда оқудың жаңа форматына көшуге кезекші сынып оқушыларының арасында ауыршаңдықтың төмен болуы себеп болды. Ата-аналардың көбі жұмыс істейді. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша мектептердің офлайн режимде жұмыс істеуге дайын екендігі анықталды. Бірақ эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда, оқыту форматы бойынша шешімді өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен бірлесіп әкімдік жанындағы өңірлік штаб қабылдайтын болады», - деді Айжан Есмағамбетова журналистің қойған сұрағына берген жауабында.