Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ректор Талғат Нұрғожин жоғары оқу орны жұмысының тиімділігінің жоғары екендігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2020 жылы оқу ордасын 1347 түлек бітіріп шыққан. Атап айтқанда, 154 бакалавр, 924 интерн, 146 резидент, 68 магистр және 25 докторантура түлектері. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 1094 маман білім алған.