Қоғамдық кеңестерге жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау бойынша өкілеттіктер берілді. Мемлекет басшысы қол қойған тиісті заңда осындай норма қарастырылған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов құжатқа енгізілген өзгертулер туралы толығырақ баяндады.

«Қоғамдық кеңестер жұмыстың дербес күн тәртібін қалыптастыру үшін жаңа Заңмен қоғамдық кеңестерге олардың басымдылығы мен қоғамдық маңыздылығына сәйкес НҚА жобалары мен өтініштерін қарау туралы ұсыныстар енгізу құқығы берілген. Бұл норма НҚА жобаларына қоғамдық сараптама сапасын арттыру мақсатында енгізілді, өйткені құқық қолдану практикасы НҚА жобаларын қарау айтарлықтай уақытша және адами ресурстарды талап ететінін көрсетті. Бұл жерде қоғамдық кеңестер консультативтік-кеңесші орган болып табылатынын, тиісінше заңды тұлғалар болып табылмайтынын атап өту қажет. Осыған байланысты, қоғамдық кеңестерге азаматтардың өтініштерін қарау туралы заңнама нормалары қолданылмайды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері негізінде Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылау нысандарының бірін жүргізуге бастамашылық жасау туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау бойынша жергілікті деңгейде қоғамдық кеңестерге өкілеттіктер беру жөніндегі норма енгізілді. Мұндай шаралар құқық қорғау органдарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді және азаматтардың қоғамдық кеңестерге сенімін нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймыз», - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларын іске асыру үшін қоғамдық кеңестер мүшелеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу құқығын беру бойынша түзетулер енгізілді.