Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады. Оның айтуынша, өңірде тұрғын үй құрылысы саласының қарқынды дамуы байқалады. Облыс басшылығы өз алдына облыстың әрбір тұрғынын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда, «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 558 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3 785 пәтер. 2020 жылдың соңына дейін тағы 1 миллион шаршы метр тапсырылады, екінші жыл қатарынан осылай.

«Тұрғын үй алу кезегінде 31,2 мың адам тұр. Үстіміздегі жылы 1 084 отбасына пәтер беру жоспарланған. Оның 420 көпбалалы отбасыларға арналған. Бұл мақсатқа 6,5 млрд теңге қарастырылған. 2021 жылға 1,1 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 7 500-ге жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланған», - деді спикер басқа да қолдау шараларына тоқталып өтіп.

Пандемияға байланысты биылғы жылы наурыз-мамыр айларында Ақтөбе бойынша коммуналдық қызметтерге шекті тарифтер 20%-ға, бүкіл облыс бойынша электр қуатымен жабдықтау 10% шегінде төмендетілді.

«Облыста халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Елді мекендерді сумен және газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 2020 жылдың соңына дейін халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету 95,8%-ды құрайды. Бірақ бұл жобаларды алдағы жылдары аяқтау көзделген. Ақтөбе - мұнайлы өңір, ілеспе газ бар. Қазір облыста газбен жабдықтау 91,3%-ды құрап отыр. Бізде 323 ауыл бар, оның 123-і газбен қамтамасыз етілген. Бұл ірі ауылдар, аудан орталықтары. Халқы 200 адамнан кем ауылдар бар екеніне қарамастан, коммуникацияларды тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз, біз алдымызға осы мәселелерді біртіндеп шешу міндетін қойдық. 2021 жылы құны 2,4 млрд теңге болатын 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Бірақ біз жоспардан асырып орындаймыз деп үміттенеміз, өйткені біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп түйіндеді әкім.