Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты болып табылады. Оның ЖӨӨ-дегі үлесі 11,2%-ды құрайды, салада 126 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының үштен бір бөлігі. Осылайша, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов саладағы жетістіктерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Биылғы жылы жалпы егіс алаңы 5,3 млн.га құрады, оның ішінде 4,1 млн. га дәнді және дәнді-бұршақты, оның ішінде бидай 3,4 млн. га. егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды жалғастыру шеңберінде майлы дақылдар егістігі 640,5 мың га дейін ұлғайды, бұл 2019 жылдан 132,5 мың га артық. Астықтың жалпы түсімі 4 млн.тоннаны құрады, орташа өнімділік гектарынан 10,2 центнерді құрады», - деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығы өндірісінің барлық циклі мемлекеттік қолдаумен қамтылған. АӨК дамытуға 38,4 млрд. теңге бағытталды. Қаржыландыру өсімі 15,3%-ға өсті.