Қазіргі кезде әуе қатынасы қайта қалыптасқан елдерден, сонымен қатар ЕАЭС елдерімен, Өзбекстан Республикасымен автоөтпе жолдары арқылы келетін адамдарды санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Киясов мәлімдеді. Ел аумағына өткен адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және ПТР-тест анықтамасын ұсынады. Анықтама болмаған жағдайда, олар COVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшауланады.

«ҚР Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес 2020 жылдың 6 қазанынан бастап еліміздің мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктері арқылы 33 600 ел азаматы мен шетелдіктер, оның ішінде 10 051 жолаушы кесіп өтті. Сондай-ақ 3322-і карантиндік стационарға орналастырылды, оның ішінде 60 адамда ПТР-тест нәтижесі оң болды. Халықаралық әуе рейстерімен 14 832 жолаушы келді, оның ішінде 3051 тест тапсырған, 10 адамда тест нәтижесі оң екендігі анықталды», - деді Е.Қиясов.

Оның айтуынша, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралықлық комиссия отырыстарына әуе рейстерінің санын қысқарту, шекараларды күшейту мәселесі шығарылады. Бұл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шекарада бақылауды күшейту және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалады.