Елімізде барлық медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлер қорғаныс құралдарымен, киім-кешекпен жыл соңына дейін толық қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жөнінде, коронавирустан сақтану бойынша оқыту жұмыстары қолға алынды.

«Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан ауруханаларда, емханаларда таза және лас бөлім аймақтары жасалды. Онда қалай жұмыс істеу қажеттілігі, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау жолдары, жұмыс режимі, медициналық қызметкерлердің демалу уақыты қарастырылып, тиісті ережелер әзірленді. Медициналық қызметкерлер осы ережелер бойынша жұмыс істеуде», - деді вице-министр.