Яғни, бір сағаттың ішінде олар адамды ең жақын орналасқан ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсетеді. Елімізде осындай 3,5 мыңнан астам мобильдік бригада құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге қатысты журналистің қойған сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалалық немесе үлкен елді мекендерде медициналық көмек көрсету орталықтары, ауруханалар сұраныс бойынша қамтамасыз етілсе, адамдар аз тұратын ауылдарда медициналық көмек көрсету жағдайы мәз емес. Осыған орай, ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды.

«ҚР ДСМ 100 арнайы автобус сатып алып, әр өңірге жеткізді. Шалғайдағы дәріханалары жоқ елді мекендерге дәрілік заттар аудан орталығынан және медициналық ұйымдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, дәріхана пунктері арқылы беріледі. Сондай-ақ, жылжымалы дәріхана пунктері іске қосылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - деді Б.Қожахметов.