Қашықтан оқыту форматында сабақ жүргізу үшін мұғалімдер неғұрлым қуатты трафикке ауысып, интернет үшін өз қалтасынан ақы төлеуі керек. Мемлекет бұл шығындарды неге өтемейді? Бәрі бұрыннан қарастырылып қойған - деп сендірді білім вице-министрі Рүстем Биғари, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистің сұрағына берген жауабында.

«Оқу жылы басталар алдында цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, отандық білім беру платформаларына тегін тарифтелмеген қолжетімділік қамтамасыз етілді. Екіншіден, санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектептерде жұмыс орны ұйымдастырылды. Мұғалім үйден жұмыс істей алмаса, мектепке келіп, сол жерден сабақ бере алады. Егер тариф тез бітіп қалса, онда онда бұл жағдайда отандық білім беру платформаларынан басқа платформалар қолданылатын шығар. Бірақ мемлекет тарапынан Қазақстанда білім беру үшін қажетті 600-ге жуық білім беру платформасына тарифтелмеген трафик енгізілді және бұл тіпті теңгерім нөлге тағ боғланда да сабақ жүргізуге жеткілікті», - деп түсіндірді білім беру ведомствосының өкілі.