«Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» бұл ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел тақырыбы.

Оған қатысқан Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов және ҚР Ішкі істер министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшелері мен арнайы бақылау тобының мүшелері Ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ой қозғады.

Алексей Калайчиди сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері Ішкі істер органдарының негізгі және бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Министрлік бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізуде. Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен және ведомстволық бағдарламамен көзделген іс-шаралар кешені іске асырылуда. Жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылды, ішкі істер органдары мен бөлімшелері басшыларынан жеке сұраныс күшейтілді, кадрлық әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдануда», - деді министрдің орынбасары.

12.jpg