Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайыновтың айтуынша, КО ТС 018/2011 19-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында М және N санатындағы рульдік басқару оң жақта орналасқан көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салынады.