Ай сайын еліміздің жұмыспен қамту органдарына 60 мыңға жуық жұмыссыз жүгінеді. 1 ақпаннан 1 тамызға дейін олар 8 есе көп болды. Бірақ жұмыспен қамтылғандар саны 11 есеге өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлім етті.

«Биылғы жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейін тіркелгендер саны 8 есеге артты. Бұл пандемия кезінде жұмыссыз қалған немесе өндірістің мәжбүрлі тоқтап қалу кезеңінде қалған адамдар. Бүгінгі таңда бұл адамдарды жұмыспен қамту 11 есеге өсті. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру бізге кем дегенде 200 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді», - деп түсіндірді спикер.